Accessibility links

Пан Ги Мун шиеленісті Кашмир аймағына барды


Пан Ги Мун, БҰҰ бас хатшысы.
Пан Ги Мун, БҰҰ бас хатшысы.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Үндістан мен Пәкістан арасындағы соңғы күндері жағдай шиеленіскен даулы өңір - Кашмир аймағына барды.

13 тамызда Кашмирдің Үндістан мен Пәкістанды бөліп жатқан "бақылау аймағында" екі ел әскері арасында атыс болған. Екі тарап бір-біріне артиллериядан оқ жаудырып, Пәкістанның бір азаматы қаза тапқан, бірнеше адам жараланған. Шиеленісті аймақтағы тұрғындар басқа жаққа көшірілген.

Пәкістан өткен жексенбіден бері БҰҰ бақылауындағы бұл аймақта Үндістанды арандатып отыр деп айыптап келеді. Үндістан оны жоққа шығарып, Пәкістанның өзін айыптайды.

Ресми Дели 6 тамызда "Кашмирде бес үнді сарбазы тосқауылға тап болып, қаза тапты" деген соң жағдай шиеленіскен. Пәкістан жағы ол оқиғаға қатысы жоғын айтады.

Пан Ги Мун бүгін Пәкістан президенті Асиф Әли Зардаримен және премьер-министр Наваз Шарифпен кездеседі.

Сәрсенбіде БҰҰ бас хатшысы Пәкістанның тәуелсіздігі күніне арналған шараға қатыспақ.
XS
SM
MD
LG