Accessibility links

Египет үкіметі демонстранттарды таратуға кірісті


Полиция Мұхаммед Мурсидің жақтастарын әкетіп барады. Египет, Каир, 13 тамыз 2013 жыл

Полиция Мұхаммед Мурсидің жақтастарын әкетіп барады. Египет, Каир, 13 тамыз 2013 жыл

Египет қауіпсіздік жасақтары Каирде наразылық танытып жатқан бұрынғы президент Мұхаммед Мурси жақтастарының шатырларын жығып, демонстранттарды таратуға кірісті.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, сәрсенбі күні таңертең Нахда алаңы мен Рабаа әл-Адавия мешіті маңындағы шерішулердің шатырларын бұзуға әскери техника келген, жұртты тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданылған.

Куәгерлердің айтуынша, әскерилер жүргізген операция барысныда 15 адам қаза тапқан.

Мурсидің жақтастары өткен 6 аптадан бері оның биліктен шеттетілгеніне наразылық танытып, қарсылық акциясын бастаған еді. Бұрынғы президенттің жақтастары демократиялық жолмен сайланған Мурсиді билікке қайта әкелуді талап етеді.

Мурси биліктен шеттетілгелі бері елдегі қақтығыстардан 250-ден астам адам опат болды.
XS
SM
MD
LG