Accessibility links

Астанада 6 адам терроризм айыбымен сотталды


6 адам терроризм айыбымен сотталған процесс. Астана, 14 тамыз 2013 жыл.
6 адам терроризм айыбымен сотталған процесс. Астана, 14 тамыз 2013 жыл.
Астанада бүгін терроризм айыбы бойынша бірнеше адамға сот үкімі шықты деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Астананың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Мейрам Жанғұттинов топ жетекшісі Серік Қошалақовты 10 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуге үкім кесті.

"Астанада терактілер жасамақ болды" деп айыпталған алты адамның үстінен сот процесі мамыр айында басталып, жабық түрде жүрген еді.

Тергеу деректері бойынша, "топ мүшелері жоғары шенді тұлғаларға, оның ішінде президентке қастандық ұйымдастырмақ болған, Қазақстан территориясында ислам халифатын құруға тырысып, ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимартына шабуыл жасамақ болған".

Серік Қошалақовтан басқа айыпталушылар: Әли Шәріпов - он жылға, Батырлан Әбдікеров - бес жарым жылға, Ержан Қадырсізов - тоғыз жылға, Ағзам Қасқабаев пен Сырымбет Жүнісов - алты жылға бас бостандығынан айырылды.
XS
SM
MD
LG