Accessibility links

Египетте ондаған шеруші қаза тапқаны хабарланды


Египет әскері наразылық танытқан Мұхаммед Мурсидің жақтастарын қуып таратып жүр. Каир, 14 тамыз 2013 жыл

Египет әскері наразылық танытқан Мұхаммед Мурсидің жақтастарын қуып таратып жүр. Каир, 14 тамыз 2013 жыл

Египет әскері Каирдегі бұрынғы президент Мұхаммед Мурсидің билікке оралуын талап еткен наразыларды қуып таратты. Демонстранттар тіккен екі лагерді бұзу үшін қалаға әскери техникалар кіргізіліп, көзден жас ағызатын газ қолданылды.

Египет сыртқы істер министрлігі қауіпсіздік күштерінің екі лагерьдің бірі - Нахда алаңындағы шағын шеруді толық бақылауына алғанын мәлімдеді. Ал мемлекеттік телеарна Рабаа әл-Адавия мешіті маңындағы үлкен лагерьді бұзу жұмыстары әлі жүріп жатқаны жайлы ақпарат таратты.

Қаза тапқандар жайлы түсіп жатқан ақпараттар әртүрлі. Куәгерлер "Әскерилер жүргізген шарада кемінде 15 адам қаза тапты" дейді. Ал Мурсидің "Мұсылман бауырлар" партиясы өкілдері кем дегенде 100-ден астам адам қаза тапқанын хабарлап, халықты "қырғынды тоқтату үшін жаппай көшеге шығуға" шақырды.

Бірақ билік өкілдері тек екі полицейді құрбан болғанын, шерушілерден адам шығыны болмағанын айтады.

3 шілдеде әскерилер Египет президенті Мұхаммед Мурсиді биліктен шеттеткен еді. Мурсидің жақтастары бір жарым айдан бері оның биліктен шеттетілгеніне наразылық танытып, қарсылық акциясын өткізіп жатқан.
XS
SM
MD
LG