Accessibility links

Сеул мен Пхеньян біріккен өндіріс кешенін қайта ашпақ


"Кэсон" индустриалдық кешенін күзетіп тұрған Солтүстік Корея әскерлері. 24 сәуір 2013 жыл.

"Кэсон" индустриалдық кешенін күзетіп тұрған Солтүстік Корея әскерлері. 24 сәуір 2013 жыл.

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея біріккен "Кэсон" индустриалдық кешенін қайта ашуға келісті. Сәрсенбіде екі ел үкіметінің өкілдері "Кэсон" кешенін қайта ашу туралы бес бөлімнен тұратын келісімдер жасасқанын хабарлады.

Оңтүстік Корея қаржыландыратын, негізінен Солтүстік Корея азаматтары жұмыс істейтін «Кэсон» индустриалдық кешені биыл сәуір айында екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас нашарлап кеткен соң жабылып қалған.

Солтүстік Корея 2012 жылы желтоқсанда жасанды жер серігін ұшырып, 2013 жылы ақпанда ядролық сынақ жасаған. Сол оқиғалардан соң шет елдер мен БҰҰ тарапынан бұл мемлекетке қарсы қатаң санкциялар жарияланды.

Бұған дейін екі жақ өкілдері индустриалдық кешенді қайта ашуға байланысты бірнеше рет келіссөз жүргізген еді.

Солтүстік Корея үшін бұл жобаның маңызы зор. Себебі бұл ел одан жылына 80 миллион АҚШ доллары көлемінде пайда көреді. "Кэсон" кешенінде Солтүстік Кореяның 50 мыңға тарта азаматы жұмыс істейді.
XS
SM
MD
LG