Accessibility links

Египет вице-президенті отставкаға кетті


Мұхаммед әл-Барадей, Египеттің уақытша вице-президенті

Мұхаммед әл-Барадей, Египеттің уақытша вице-президенті

Египеттің вице-президенті, бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаты Мұхаммед әл-Барадеи полиция мен әскердің наразылар шеруін күштеп тарату операциясына қарсылық білдіріп, отставкаға кетті.

"Мен өзім қарсы болған шешімдер үшін жауап бергім келмейді және олардың теріс шешімдер болғанына қынжыламын. Төгілген қанды мойныма алғым келмейді" деген мәлімдеме таратты әл-Барадеи.

Каирде 14 тамызда полиция мен әскерилер биліктен шеттетілген президент Мұхаммед Мурсидің жақтастарының наразылық лагерлерін күшпен таратып, елде төтенше жағдай жарияланған. Полиция мен наразылардың қақтығысынан соңғы деректер бойынша 280-ге тарта адам қаза тапқан.

3 шілдеде әскерилер Египет президенті Мұхаммед Мурсиді биліктен шеттеткен еді. Бұдан соң құрылған уақытша үкімет құрамына оппозиция жетекшілерінің бірі Мұхаммед әл-Барадеи кіріп, вице-президент болып тағайындалған.

Мурсидің жақтастары бір жарым айдан бері оның биліктен қуылғанына наразылық танытып, қарсылық акциясын өткізіп жатқан.
XS
SM
MD
LG