Accessibility links

Ресей Орталық банкі күмәнді қаржы туралы ескертті


Ресей Орталық банкі. Көрнекі сурет.

Ресей Орталық банкі. Көрнекі сурет.

Ресейдің Орталық банкі ресейлік банктер мен өзіне қарасты мекемелерге Қазақстан мен Беларусьтен келетін тауарлардың ақшасын Кеден Одағына кірмейтін елдердің банктері арқылы төлеуден бас тартуға шақырды. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Орталық банк "Беларусь пен Қазақстаннан импортталатын тауарлардың ақшасын осы елдерден өзге мемлекеттердің банктеріндегі есеп-шоттарға аударудың бірнеше қаупі бар екенін" ескерткен.

Маусым айында Ресей Орталық банкі Ресей аумағына импортталатын тауарлардың ақшасын шетелдік банктер арқылы төлеу кезінде терроризмді қаржыландыру, қылмыстық жолмен ақша табу сияқты заңсыз операциялар атқарылуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Орталық банк қаржылық ұйымдарға клиенттерінің күмәнді операциялары туралы ақпараттарды уәкілетті орындарға жіберуді, ал ол клиент пен онымен келісім-шарт жасасқан тарап туралы ақпараттарды банктердің аймақтық филиалдарына хабарлауды ұсынған.

Ресей, Қазақстан және Беларусь - Кеден Одағына мүше мемлекеттер.
XS
SM
MD
LG