Accessibility links

Мәскеу маңында 1800 мигрант ұсталды


Мәскеу полициясы мигрант жұмысшыларды тексеріп жатыр. 30 шілде 2013 жыл

Мәскеу полициясы мигрант жұмысшыларды тексеріп жатыр. 30 шілде 2013 жыл

Мәскеу маңындағы Одинцово қаласындағы базарда "заңсыз жұмыс істейді" деген күдікпен 1 мың 800-ге тарта мигрант ұсталды. Мәскеу облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, ұсталғандардың 240-ына "көші-қон заңдарын бұзды" деген, 68-іне "жалған құжат жасады" және "заңсыз иммиграция ұйымдастырды" деген айыптар тағылды.

Ресей үкіметі өткен айда Мәскеудегі базарлардың бірінде полицейді белгісіз адамдар аяусыз соққыға жығып кеткеннен кейін заңсыз миграцияға қарсы күресті күшейткен. Шілденің соңынан бері "Ресей аумағына заңсыз кірді" деген күдікпен көпшілігі Орталық Азия елдерінен шыққан мыңдаған адам тұтқындалды.

Содан бері арасында балалар да бар, шамамен 600-ге тарта адам Мәскеуде шатырдан жасалған лагерьлерде тұрып келеді.

Мәскеулік құқық қорғаушылар "мигранттардың өмір сүру жағдайы адам төзгісіз" деп, лагерьлердің жабылуын талап етеді.
XS
SM
MD
LG