Accessibility links

Ресейдің Қиыр Шығысында 4 жарым мың үйді су басты


Амур облысындағы су басқан үйлер. Ресей, Қиыр Шығыс аймағы, 9 тамыз 2013 жыл

Амур облысындағы су басқан үйлер. Ресей, Қиыр Шығыс аймағы, 9 тамыз 2013 жыл

Ресейдің Қиыр Шығыс аймағында 4 мың 600 үйді су басты. Су басқан үйлердің көпшілігі - Амур облысында.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына қарағанда, 14 мыңнан астам адам басқа жаққа көшірілген.

Ел үкіметі Зея және Бурея өзендеріндегі су электр станциясындағы жағдай алаңдаушылық тудырып отырғанын хабарлады. Ондағы су деңгейі шамадан тыс көтеріліп кеткен. Қырымның Краснодар өлкесінде былтыр болған апатты жағдай қайталанбас үшін су қоймалары басшыларына тұрғындарды дер кезінде құлақтандыру тапсырылды.

Амур өзеніндегі судың деңгейі 16 тамызда алты метрге көтерілді.

Өзен жағасындағы егістік жерлер мен мал жайылымдарын да су алған.

Табиғи апат салдарын жою және зардап шеккендерге көмектесу үшін үкіметтен 3 миллиард рубльден астам қаржы бөлінді.

Қиыр Шығыстағы бес ауданда төтенше жағдай жарияланғалы үш апта болды.
XS
SM
MD
LG