Accessibility links

HRW: Қазақстан Мухортованы босатсын


Зинаида Мухортова, балқаштық адвокат. (YouTube видеосынан алынған сурет)

Зинаида Мухортова, балқаштық адвокат. (YouTube видеосынан алынған сурет)

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін психиатриялық диспансерге күштеп жатқызылған балқаштық адвокат Зинаида Мухортованы дереу босатып, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

Ұйымның ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде "Қазақстан билігі заңгерге адвокатымен кездестіруге рұқсат етіп, оны заңсыз ұстағандардың барлығын жауапқа тартуы тиіс" делінген.

Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия бойынша өкілі Мира Ритман "Зинаида Мухортова психиатрлық ауруханада заңсыз ұсталып, негізгі құқықтары өрескел бұзылып жатыр" дейді.

Парламент депутаттарының бірінің үстінен арыз жазғаннан кейін қылмыстық қудалауға ұшыраған балқаштық адвокат Зинаида Мухортова өткен жылы жазадан құтылып, босатылған еді. Тамыздың 9-ы күні жергілікті полиция мен дәрігерлер оны үйінен күштеп шығарып, Балқаш қаласындағы психоневрологиялық диспансерге алып кеткен.

Диспансердің бас дәрігері Рысбек Ысқақов Алматының дәрігерлері Мухортоваға «хроническое бредовое расстройство» деген диагноз қойғанын, оған қатысты сот шешімі бойынша «амбулаторлық жағдайда күштеп емдеуді» міндеттегенін айтқан.

Зинаида Мухортованы ауруханаға жатқызу мәселесін қарайтын сот отырысы бүгін өтуі тиіс.

12 тамызда диспансердің бас дәрігері Зинаида Мухортованың заңды өкілі Амангелді Шорманбаевпен жолығуына рұқсат бермей қойған.
XS
SM
MD
LG