Accessibility links

Түркі тілдес елдер кеңесі саммиті өтті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев түркі тілдес елдер басшыларының бірінші саммитінде. Алматы, 21 қазан 2011 жыл. Көрнекі сурет.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев түркі тілдес елдер басшыларының бірінші саммитінде. Алматы, 21 қазан 2011 жыл. Көрнекі сурет.

Әзербайжанда Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Әзербайжан президенттерінің қатысуымен түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің саммиті өтті.

Габала қаласында өткен саммитте президенттер төрт елге ортақ еркін сауда аймағын құру мәселесін талқылады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларды сауда саласында ынтымақтастықты дамытуға, туризм мен коммуникациялық байланыстарды нығайтуға шақырды.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Түркияны Орталық Азия елдері арқылы Қытайдың батысындағы Қашғар қаласымен байланыстыратын теміржол салуды ұсынды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев энергетика, тау-кен және транспорт саласында ынтымақтастық кеңейтуге шақырды.

Ынтымақтастық кеңесінің төрағалығы Әзербайжаннан Қырғызстанға өтті.

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2009 жылы құрылған.
XS
SM
MD
LG