Accessibility links

Египеттегі қақтығыстарда ондаған адам өлді


Қақтығыстар барысында құрбан болғандардың денелері мешітте жатыр. Каир, 16 тамыз 2013 жыл.

Қақтығыстар барысында құрбан болғандардың денелері мешітте жатыр. Каир, 16 тамыз 2013 жыл.

Жұма күні Египетте бұрынғы президент Мұхаммед Мурсиді қолдайтын "Мұсылман бауырлар" қозғалысы мен қауіпсіздік күштері арасында тағы да қақтығыстар болып, 80-нен аса адам - негізінен бейбіт тұрғындар қаза болған.

Сенбіге қараған түні әскерилер мен полиция "Мұсылман бауырлар" қозғалысын жақтайтындар бекінген Әл-Фатх мешітіне енуге әрекет жасағаны хабарланды.

Бұған дейін "Мұсылман бауырлар" қозғалысы өз жақтастарын жұма күні қайта наразылық шерулеріне шығуға шақырған еді. Сәрсенбіде полиция мен әскер Каирде Мурси жақтастарының наразылық лагерьлерін күшпен тараттып, қақтығыстар салдарынан 600-ден астам адам мерт болған.

Египеттің уақытша үкіметі халықаралық қауымдастықтың, оның ішінде АҚШ президенті Барак Обаманың полиция әрекетін сынауына орай мәлімдеме жасады. Уақытша үкімет "Сын пікірлер мен айыптаулар нақты фактіге негізделмеген және ол қарулы топтарды жігерлендіре түседі" дейді.

Алдағы аптада Каирге БҰҰ бас хатшысының орынбасары Джеффри Фельтман бармақшы. Ол Египеттің жоғары билік өкілдерімен кездесіп, елдегі ахуалды реттеу мәселелерін талқыламақ.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бейсенбіде Египеттегі жағдайға байланысты төтенше, жабық жиын өткізіп, Египет үкіметін зорлық-зомбылықты тоқтатуға, ал қарсы тараптарды бітімге келуге шақырған.
XS
SM
MD
LG