Accessibility links

Ертісте кеме баржаға соқтығысып, төрт адам қаза болған


Көтергіш кран суға батқан кеменің бір бөлігін шығарып жатыр. Көрнекі сурет.

Көтергіш кран суға батқан кеменің бір бөлігін шығарып жатыр. Көрнекі сурет.

17 тамызда Ресейдің Омбы облысында Ертіс өзенінде жолаушылар кемесі мен жүк баржасы соқтығысып, апат салдарынан төрт адам қаза болып, қырыққа жуық адам жараланған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлаған.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Ирина Россиустың айтуынша, апаттан зардап шеккен он адамның халі ауыр деп хабарлады «ИТАР-ТАСС» агенттігі.

Азаттық радиосы Орыс қызметінің хабарлауынша, кемеде экипаждың төрт мүшесіне қоса барлығы 56 адам болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, соққы салдарынан кемеде ойық пайда болған. Билік орындары апаттың себебін анықтап жатыр.

Ертіс өзені арқылы кеме қатынасы жылда сәуірде ашылып, су бетінде мұз қататын қазан айына дейін жұмыс істейді.
XS
SM
MD
LG