Accessibility links

Ресейдің су басқан аймағынан мыңдаған адам көшірілді


Амур өзені жағасын бекітіп жатқан солдаттар. Ресей, Қиыр Шығыс, 16 тамыз 2013 жыл.
Амур өзені жағасын бекітіп жатқан солдаттар. Ресей, Қиыр Шығыс, 16 тамыз 2013 жыл.
Ресейдің Қиыр Шығысындағы тасқын кесірінен қауіпсіз аймаққа көшірілген адамдар саны 17 мыңға жетті. Су тасқынын мамандар "120 жылдан бері болмаған апат" деп бағалап отыр.

Ресей ақпарат құралдары тасқын аймағынан әлі 100 мыңдай тұрғынның көшірілуі мүмкін екенін хабарлады.

Ресейдің төтенше жағдайлар министрі Владимир Пучков "Қытай-Ресей шекарасындағы 120 елді мекенде 5 мың 300 үй су астында қалды" деп мәлімдеді.

Қиыр Шығыстағы тасқын толастамай жауған жаңбыр кесірінен болған. Ресей билігінің мәліметінше, Амур облысы мен жапсарлас жатқан аймақтарға су тасқыны жайылып барады.

Метеорологтар әзірге қауіптің сейілмейтінін айтады. Олардың болжамы бойынша, су қоймаларындағы су деңгейі қыркүйек айына дейін төмендемейді.
XS
SM
MD
LG