Accessibility links

Әзербайжан оппозициясы: Президент сайлауы әділ өтсін


Әзербайжан оппозициясының жақтастары өткізген шеру. Баку, 18 тамыз 2013 жыл

Әзербайжан оппозициясының жақтастары өткізген шеру. Баку, 18 тамыз 2013 жыл

Әзербайжан президенттігіне үміткер оппозиция өкілі Рустам Ибрагимбековтің жүздеген жақтасы жексенбіде Бакуде шеру өткізді.

Қала орталығынан қашықта өткен рұқсат етілген шеруде оппозиция жақтастары биліктен сайлауды әділ өткізуді талап етті.

Ұйымдастырушылар мен белсенділердің сөздеріне қарағанда, полиция шеру басталғанға дейін 11 белсендіні ұстап әкеткен. Ал шеру өткен аймақта қоғамдық көліктердің жүруіне шектеу қойылған.

Әзербайжанда президент сайлауы 9 қазанда өтпек.

Оскар сыйлығының иегері, 74 жастағы сценарист Рустам Ибрагимбеков өткен айда Әзербайжанның басты оппозициялық топтарының коалициясы - Демократиялық күштердің ұлттық кеңесінің атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған.

Бірақ Ибрагимбеков сайлауға түсуі үшін Ресей оған берілген азаматтықты қайтарып алуы керек. Ал Мәскеу әзірге оны азаматтықтан шығару туралы қандай да бір шешім қабылдаған жоқ.
XS
SM
MD
LG