Accessibility links

Пәкістанда өлім жазасын орындау уақытша тоқтады


Пәкістандық тұтқындар, Пенжаб провинциясы. Көрнекі сурет.

Пәкістандық тұтқындар, Пенжаб провинциясы. Көрнекі сурет.

Пәкістанда өлім жазасын орындау уақытша тоқтатылды. Ақпарат министрі Первез Рашидтің айтуынша, өлім жазасын қолдану жазасы бұл мәселені премьер-министр Наваз Шариф пен президент Асиф Әли Зардаридің талқылауына дейін тоқтатыла тұрады. Екеуінің кездесуі Зардари шетелдегі сапарынан оралғаннан кейін болмақ.

Пәкістанда өлім жазасына 2008 жылы мораторий жарияланып, оның мерзімі биыл маусымда аяқталған.

Келесі аптада елде бірнеше адамды өлім жазасына тарту жоспарланған еді. Өлім жазасына кесілгендердің арасында "Әл-Қаидаға" байланысты содырлар да бар.

Пәкістанның радикалды сүнниттік топтары үкімет жақтастарын өлім жазасына тартса, кек қайтаратындарын ескертті.

Amnesty International ұйымының деректері бойынша, Пәкістанда өлім жазасына кесілген сегіз мыңнан астам тұтқын бар.
XS
SM
MD
LG