Accessibility links

Ресей елшілігі алдында акция өтті


Астанадағы Ресей елшілігінің алдына барған бір топ белсенді Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Протон" зымыран тасығышын ұшыруды тоқтатуды талап етіп акция өткізді.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, акцияны 2 шілдеде "Протон" зымыраны апатқа ұшырағаннан кейін құрылған "Антигептил" тобының белсенділері өткізген. Олар Ресей елшілігінің өкіліне зымыран ұшыруды тоқтату туралы талаптарын жеткізген.

2 шілде күні ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді. Апат салдарынан Байқоңыр ғарыш айлағы маңы зымыран тасығыштың улы отыны - гептилмен ластанған.

Бұған дейін Алматы, Астана және Орал қалаларында да Ресей елшілігі мен консулдықтары алдында "Протон" зымыран тасығышының ұшырылуына қарсылық акциялары өткен.
XS
SM
MD
LG