Accessibility links

БҰҰ: Төрт күнде 20 мың сириялық Иракқа өтті


Ирактың Күрдістан аймағына босып бара жатқан сириялықтар. 18 тамыз 2013 жыл.
Ирактың Күрдістан аймағына босып бара жатқан сириялықтар. 18 тамыз 2013 жыл.
БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі соңғы төрт күнде Сириядан Ирактың солтүстігіндегі Күрдістан аймағына мыңдаған босқын өтіп жатқанын хабарлады.

Босқындар ісі агенттігінің өкілі Адриан Эдвардстың айтуынша, өткен бейсенбіден бері Ирак территориясына қарай 20 мыңнан астам адам өткен. Сириялықтардың соңғы күндері елден жаппай босуының нақты себептері белгісіз болғанымен, олар Сирияда исламшыл жасақтар мен күрд топтарының арасындағы қарулы қақтығыстан бас сауғалап жатыр деген болжам бар.

Осыған дейін Иракқа босқан сириялықтар саны ресми дерек бойынша 154 мың адамды құрайды.

Ал елде екі жылдан астам уақытқа созылған президент Башар Асадтың үкіметтік күштері мен оппозициялық көтерілісшілер арасындағы қақтығыстардан 2 миллионға тарта адам босып кетті. Олардың көпшілігі көршілес Иордания, Түркия және Ливанға өткен.
XS
SM
MD
LG