Accessibility links

Первез Мушаррафқа бірнеше айып тағылды


Пәкістан экс-премьері Первез Мушарраф.

Пәкістан экс-премьері Первез Мушарраф.

Пәкістанның экс-премьері Первез Мушаррафқа 2007 жылы оппозиция жетекшісі және бұрынғы депутат Беназир Бхуттоның қазасына қатысты айып тағылды.

Прокурорлар оған "кісі өлтіру", "кісі өлтіруге сөз байласу" және "кісі өлтіруге септесу" деген үш айып тағылғанын айтады.

Беназир Бхутто 2007 жылы желтоқсанда Равалпинди қаласында сайлау кампаниясы кезінде қастандықтан қаза тапқан еді.

Первез Мушарраф 1999 жылы сол кездегі премьер Наваз Шариф үкіметін төңкеріс арқылы құлатып, билікке келген. Тоғыз жыл бойы осы елдің премьер-министрі, кейіннен президенті болған ол 2008 жылы отставкаға шығып, шетелге кеткен еді. Биыл көктемде парламент сайлауына қатысу үшін қайта оралған Мушарраф түрлі себептермен сайлаудан шеттетіліп, қазір үйқамаққа алынған.

Наваз Шариф биылғы сайлауда жеңіске жетіп, қайтадан премьер-министр болды. Оның үкіметі Первез Мушаррафты "мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғаны үшін" сотқа тартатынын мәлімдеген.

Первез Мушарраф өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. Соттың келесі отырысы 27 тамызға қалдырылды.

Первез Мушаррафқа енді биліктегі қызметіне қатысты да бірнеше іс қозғалуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG