Accessibility links

Guardian: Сноуден берген ақпаратты жоюға мәжбүрледі


Эдвард Сноуден, АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері. Гонконг, 6 маусым 2013 жыл
Эдвард Сноуден, АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері. Гонконг, 6 маусым 2013 жыл
"Ұлыбритания арнайы қызметі Guardian басылымына АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнен алған құпия құжаттарды үкіметке қайтаруды, я мүлдем жойып жіберуді талап етті" деп мәлімдеді газеттің бас редакторы Алан Расбриджер.

Расбриджер осыдан екі айдай уақыт бұрын Ұлыбритания үкіметінің жоғары шенді бір шенеунігі хабарласқанын айтады. Журналиспен екі рет кездескен үкімет өкілі құжаттарды қайтаруды немесе жоюды талап еткен.

Осыдан соң Ұлыбритания үкіметінен келген екі өкілдің көзінше Сноуденнен алынған ақпараттар сақталған қатты дискілер жойылған. Бірақ Расбриджер "журналистер құпия құжаттарға қатысты зерттеулерін арнайы қызмет пен үкіметтің қысымына қарамастан жалғастырып жатқанын" айтады.

Эдуард Сноуден АҚШ арнайы қызметінің азаматтардың интернеттегі жазбалары мен телефон байланыстарына тыңшылық жасайтын құпия бағдарламасы барын әшкере қылған еді. Бұдан соң оны АҚШ сотқа беріп, Сноуденге қарсы іс қозғалды.

Қазір Эдуард Сноуден Ресейде тұрып жатыр. Ресей оған бір жылға саяси баспана берді.
XS
SM
MD
LG