Accessibility links

Әблязовқа байланысты акция өткізгендер ұсталды


20 тамызда азаматтық белсенді Дмитрий Щелоков пен Қазақстан студенттері мен жастары тәуелсіз кәсіподағының жетекшісі Ринат Кибраев қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязовтың картоннан ойылған суретін Алматы қаласының әкімдігіне алып келді.

Қазақстанның Франциядан Әблязовты қайтаруын талап етіп отырғанын еске салған екі азамат оның суретін көпшілік арасына қойып, жұрттың "Әблязовпен" сөйлесуіне мүмкіндік бергісі келетінін айтып, қалалық әкімшіліктен сол шараны өткізуге рұқсат сұрады.

Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының маманы Дәурен Қапаров белсенділердің өтініші 15 жұмыс күні барысында қаралатынын айтты.

Әкімшілікке өтініш жазып, қайтып бара жатқан белсенділерді жолда полция ұстаған.
- Полиция бізден түсініктеме жазуды талап етіп отыр. Біз ешқандай заң бұзған жоқпыз, нені түсіндіруді білмей отырмыз, - дейді белсенді Дмитрий Щелоков Азаттық тілшісіне.

Бостандық аудандық ішкі істер басқармасына хабарласқан Азаттық тілшісіне кезекші бөлімінде отырған қызметкер "бастықтардан ешкім жоғын" айтты.

31 шілдеде Францияда ұсталған Мұхтар Әблязовты елге қайтару-қайтармауды талап еткен азаматтар мен ұйымдар бұған дейін бірнеше рет жиын өткізді.

Қазақстан билігі де Мұхтар Әблязовты қайтаруды өтініп, 6 тамызда Францияға сұрау салған.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG