Accessibility links

Тәжікстан індетке орай Ауғанстанмен шекарасын жапты


Бадахшан уәлаятындағы университет студенттері. Ауғанстан, 25 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Бадахшан уәлаятындағы университет студенттері. Ауғанстан, 25 қараша 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Тәжікстан "Ауғанстанның Бадахшан уәлаятында тырысқақ ауруы тарап жатыр" деген хабардан соң осы аймақпен шекарасын уақытша жапты. Тәжікстан шекара қызметінің баспасөз хатшысы Хушнуд Рахматуллаевтың айтуынша, шекара дүйсенбіден бастап жабылған.

Шекараны жабуды елдің денсаулық сақтау министрлігі сұраған. Тәжікстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Азам Мирзоев Ауғанстанмен шекараға жақын аймақтарда індеттен сақтық шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Тәжікстан мен Ресей ақпарат құралдары өткен аптада "Ауғанстанның Бадахшан уәлаятында 1500-ге тарта тұрғын тырысқақ ауруымен ауырды" деп хабарлаған еді. Хабарларға қарағанда, індеттен бір адам қайтыс болған, 40-қа жуық адамның жағдайы ауыр.
XS
SM
MD
LG