Accessibility links

Дағыстанда 9 "содырдың" көзі жойылды


Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағының картасы. Көрнекі сурет

Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағының картасы. Көрнекі сурет

Ресей қауіпсіздік күштері Дағыстанның Буйнак қаласында тоғыз содырдың, оның ішінде танымал дала командирінің көзін жойды деп хабарлады Ресей ұлттық антитеррорлық комитеті.

Күдіктілер сейсенбіде Буйнактағы үйлердің біріне жүргізілген тексеріс кезінде мерт болған. Қаза тапқандардың арасында топ жетекшісі Бамматхан Шейхов бар.

Комитет өкілдері "көзі жойылған топ бірнеше кісі өліміне, оның ішінде Буйнактағы өткен жылы қастандықтан қаза тапқан орталық мешіт имамының өліміне де қатысы бар" екенін айтады.

Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағындағы Дағыстан республикасында исламшыл бүлікшілер белсенді түрде әрекет етеді.
XS
SM
MD
LG