Accessibility links

Ресей Украина тауарларына кеден тексерісін жеңілдетті


Ресей мен Украина арасындағы шекаралық өткізу бекеті. Ресей, Белгород облысы. Көрнекі сурет.

Ресей мен Украина арасындағы шекаралық өткізу бекеті. Ресей, Белгород облысы. Көрнекі сурет.

Ресей Украин тауарларын шектен тыс қатаң тексеруін тоқтатты деп хабарлады Украина үкіметі.

Украина саясаткерлері бұған дейін "Мәскеу Киевтің Еуропа Одағымен еркін сауда айналымы туралы келісім жасамауына ықпал ету үшін Украинадан импортталатын тауарларды кеденнен шектен тыс қатаң тексеріспен өткізіп жатыр" деп мәлімдеген еді.

Украинаның мемлекеттік кіріс министрлігі баспасөз хатшысының айтуынша, "Ресей мамандары 20 тамыздан бастап қатаң тексерістер тоқтайды деп мәлімдеген". Бірақ Ресей федералдық кеден қызметі бұған қатысты түсінік бермей отыр.

Ресей Украинаның Еуропа Одағымен экономикалық байланыс орнатқанынан гөрі Кеден Одағына кіргенін қалайды. Украина Еуропа Одағымен сауда-саттық келісіміне қараша айында қол қоймақ.

Ресей мен Украина президенттері Владимир Путин мен Виктор Янукович бұл мәселе туралы өткен аптада телефон арқылы сөйлесті. Бірақ мәселенің қалай шешілгені айтылмады.
XS
SM
MD
LG