Accessibility links

Амурда су деңгейі қауіпті межеге жетті


Әскерилер Амур өзенінің жағалауларына бөгеттер қойып жатыр. Ресей, Қиыр Шығыс аймағы, 16 тамыз 2013 жыл
Әскерилер Амур өзенінің жағалауларына бөгеттер қойып жатыр. Ресей, Қиыр Шығыс аймағы, 16 тамыз 2013 жыл
Ресейдің Қиыр Шығысындағы Хабаровск қаласына жақын Амур өзеніндегі судың деңгейі нөсер жауын салдарынан 7 метрге жуық көтерілді.

Хабаровск қаласының мэрі Александр Соколов бүгін су деңгейі 7 метр 80 сантиметрге жеткенде қала мен оның айналасындағы елді мекендерден тұрғындарды жаппай көшіру басталатынын хабарлады. Ол бұған қоса қазір 4 мың 500 адамға уақытша тұруға арналған шатырлар дайын екенін, тағы 10 мың адамға арналған шатырлар таяуда жеткізілетінін айтты.

Амур өзенінің қалаға жақын жағалауларына қолдан бөгеттер қойылып жатыр.

600 мың тұрғыны бар Хабаровск қаласында 300-ге тарта ғимарат бүлінген.

Соңғы күндері Амур, Хабаровск, Якутия, Еврей автономиялы облысынан мыңдаған адам басқа жаққа көшірілген.
XS
SM
MD
LG