Accessibility links

Сирия үкіметі: Химиялық қару қолданған жоқпыз


Оппозиция белсенділері химиялық қарудан мерт болды делінген адамдардың мәйіттерінің жанында тұр. Дамаскі, 21 тамыз 2013 жыл
Оппозиция белсенділері химиялық қарудан мерт болды делінген адамдардың мәйіттерінің жанында тұр. Дамаскі, 21 тамыз 2013 жыл
Башар Асад үкіметі оппозицияның "Сирия армиясы Дамаск маңындағы көтерілісшілер бекінген ауданында химиялық қару қолданды" деген мәлімдемесін жоққа шығарды.

Сирияның мемлекеттік телеарнасы "үкімет күштері сәрсенбі күні таңертең көтерілісшілерге қарсы улы газы бар зымырандар атты деген ақпарат шындыққа жанаспайды" деп хабарлады.

Лондонда орналасқан сириялық "Адам құқықтарын бақылау ұйымы" химиялық қарудан ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқанын айтып, осыдан үш күн бұрын елге келген БҰҰ сарапшыларын оқиғаны тексеруге шақырған. Сирия оппозициясының үйлестіру кеңесі химиялық қарудан жүздеген адам мерт болғанын айтқан.

Мемлекеттік телеарна "оппозицияның айыптаулары - елге келген БҰҰ сарапшыларының назарын өзге жаққа аудару әрекеті" деп атады.

Сирия үкіметі мен оппозициялық көтерілісшілер бір-бірін химиялық қару қолданды деп айыптайды.

30 айға жуық уақытқа созылған қақтығыстарда Сирияда 100 мыңнан астам адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG