Accessibility links

Қазақстан індетке байланысты шекара бақылауын күшейтті


Қазақ-қырғыз шекарасы. Қордай кедені. Жамбыл облысы. Көрнекі сурет
Қазақ-қырғыз шекарасы. Қордай кедені. Жамбыл облысы. Көрнекі сурет
Қазақстан Ауғанстанда тырысқақ ауыруының жаппай таралуына байланысты оңтүстік аймақтардағы шекарасында бақылауды күшейтті. Бұл туралы бүгін мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшинге сілтеме жасаған ақпарат агенттіктері хабарлады.

"Бүгінге дейін Тәжікстан Ауғанстанның Бадахшан уәлаятында 1700-ден астам адамның тырысқақ індетімен ауырғанына байланысты осы елмен шекарасын уақытша жапты. Біз Тәжікстан мен Ауғанстаннан мигранттар келетін оңтүстік аймақтардағы шекараларымызда бақылауды күшейттік" деген бас санитарлық дәрігер.

Оның сөзіне қарағанда, шекарадан өтетін адамның жай-күйін тексеру күшеймек.

Тәжікстан індетке байланысты Ауғанстанның Бадахшан уәлаятымен шектесетін шекарасын 19 тамызда уақытша жапқан еді. Хабарларға қарағанда, індеттен осы күнге дейін бір адам қайтыс болған. 40-қа жуық науқастың жағдайы ауыр.
XS
SM
MD
LG