Accessibility links

WikiLeaks-ке құжат берген АҚШ сарбазы сотталды


Бредли Мэннинг сот залында. Мэриленд штаты, АҚШ, 21 тамыз 2013 жыл

Бредли Мэннинг сот залында. Мэриленд штаты, АҚШ, 21 тамыз 2013 жыл

Америкалық сарбаз Бредли Мэннинг АҚШ-тың әскери және дипломатиялық құпия құжаттарын WikiLeaks сайтына бергені үшін 35 жылға сотталды. Мэриленд штатының Форт-Мид қалалық әскери соты Мэннингке шыққан үкімді сәрсенбіде жария етті.

Прокурорлар 25 жастағы Мэннингті 60 жылға соттауды сұраған еді. Оған өткен айда 20 айып тағылған. Бірақ әскери сот оған тағылған ең ауыр айып - "АҚШ-тың жауларына болысты" деген айыпты алып тастады.

Брэдли Мэннинг 2010 жылы Иракта әскери қызметте жүрген кезінде WikiLeaks басылымына Ауғанстан мен Ирактағы соғыс туралы және дипломатиялық арналардан алынған жүздеген мың құжаттарды берген. Бұл іс - АҚШ тарихындағы құпия құжаттар қолды болған ең үлкен оқиға.

Сотта Мэннинг WikiLeaks-ке құжаттарды бергені үшін кешірім сұраған. Ол бұл әрекетін АҚШ-тың әскери және дипломатиялық қызметі туралы пікірталас тудырғысы келіп жасағанын айтады.
XS
SM
MD
LG