Accessibility links

Шеңгелдідегі күдіктілер полицияға берілді


Шеңгелді ауылына кіре беріс жолға қойылған күзет. Алматы облысы, 21 тамыз 2013 жыл.
Шеңгелді ауылына кіре беріс жолға қойылған күзет. Алматы облысы, 21 тамыз 2013 жыл.
Алматы облысының Шеңгелді ауылында "19 тамызда оқ атып, жергілікті 29 жастағы тұрғынды өлтірді" делінген күдіктілер қамауға алынды деп хабарлады Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы міндетін атқарушы Көбейхан Нұрахмет.

Оның айтуынша, күдіктілер - Шеңгелді ауылының тұрғындары Ваха Угазаев және Арсен Агузаев деген екі азамат 21 тамыз күні кешке Қапшағай қалалық ішкі істер бөліміне "өз еріктерімен кінәларын мойындап келген". "Қазір Угазаев уақытша тергеу изоляторына қамалған. Ал Агазаев тергеліп жатыр" дейді Көбейхан Нұрахмет.

Бұған дейін жергілікті ақпарат құралдары 19 тамызда Шеңгелдіде шешен және қазақ жігіттері арасында болған төбелестен 29 жастағы Мадияр А. есімді жігіт қаза тапқанын, тағы бір жігіт жараланғанын хабарлаған еді. Мадияр А-ның қазасы Шеңгелді ауылы тұрғныдары арасында наразылық тудырған.

21 тамызда Шеңгелді ауылына барған Азаттық тілшісі ауылды полиция күзетіп тұрғанын, өрт сөндіру, жедел жәрдем көліктері жеткізілгенін хабарлаған.

Ал ішкі істер министрлігі бұған дейін оқиғаның "этникалық астары жоғын" мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG