Accessibility links

Колумбиядағы ереуіл


Колумбияда жұмысшылардың ұлттық ереуілі басталғанына төрт күн болды. 22 тамызда Сикапир қаласында наразылар мен полиция қақтығысты. Кәсіподақтар ұйымдастырған ереуілге бүкіл елдегі мыңдаған жұмысшылар қатысып жатыр. Шеруге ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы төмендеп кетуіне байланысты сүт өндіретін фермерлер мен жанармайдың қымбаттауына орай жүк көліктері жүргізушілері қосылды. Колумбиядағы қалааралық үлкен трассалар жабылды. Ел астанасы Богота қаласында да полиция мен тұрғындар арасында қақтығыс болған. Жұмысшылар әлеуметтік жағдайды жақсартуды талап етеді.

XS
SM
MD
LG