Accessibility links

"Протон-М" үшін Хруничев орталығы басшысы қызметінен алынды


"Протон-М" зымыран тасығышының апатқа ұшыраған сәті. Байқоңыр, 2 шілде 2013 жыл
"Протон-М" зымыран тасығышының апатқа ұшыраған сәті. Байқоңыр, 2 шілде 2013 жыл
Ресейдің Хруничев атындағы ғарыштық зерттеулер орталығы директорының орынбасары Александр Кобзарь мен орталықтың тағы екі қызметкері "Протон-М" зымыран тасығышының апатқа ұшырауына байланысты қызметтерінен босатылды.

Бұл туралы бүгін Ресейдің апатқа қатысты құрылған үкіметтік комиссияның төрағасы, ол елдің вице-премьері Дмитрий Рогозин мәлімдеді. Оның айтуынша, комиссия жұмысының түпкілікті қорытындысы бір айдан кейін белгілі болады.

Ресейлік "Глонасс-М" үш ғарыштық аппаратын алып ұшпақ болған "Протон-М" зымыран тасығышы 2 шілдеде Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшыраған еді. Апат орнында бірнеше жүз тонна улы отын төгілгені туралы хабарланған.

Бұған дейін ресейлік "Роскосмос" агенттігінің басшысы Владимир Поповкин "зымыран тасығыштың апатқа ұшырауына конструкторлардың өлшеуіш аспаптарды дұрыс орнатпауы себеп болды" деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG