Accessibility links

Қарағандыда үш қырғыз азаматы көз жұмды


Көлік апаты. Қарағанды облысы, 23 тамыз 2013 жыл.
Көлік апаты. Қарағанды облысы, 23 тамыз 2013 жыл.
Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшатау ауылы маңында көлік апатынан үш қырғыз азаматы қаза тапты деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті.

Қырғызстандық азамат жүргізіп келе жатқан "Мерседес-Бенц Спринтер" микроавтобусы алдында кетіп бара жатқан "КамАЗ" жүк көлігіне соғылған. Апаттан жолаушы көлігіндегі үш адам сол жерде қаза тапқан, көлік жүргізушісі мен өзге 12 адам зақым алып, Ақсу-Аюлы ауылының ауруханасына жеткізілген.

"КамАЗ" көлігі жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілген.
XS
SM
MD
LG