Accessibility links

Боливия түрмесінде ондаған адам қаза болған


Боливия картасы.
Боливия картасы.
Жұма күні Боливияның Санта-Крус қаласындағы қатаң тәртіптегі түрмеде жазаын өтеп жатқандар арасында шыққан жанжалдың соңы өртке ұласып, кемінде 30 адам мерт болған. Бұл туралы Боливия ұлттық омбудсменінің кеңсесі хабарлады.

Ресми ақпаратта төбелес шығарған сотталғандардың пропан газ баллондарын от шашатын құрал ретінде пайдаланбақ болғаны айтылады. Салдарынан түрмеде от шығып, ондаған адам жанып кеткен.

Қаза болғандардың арасында бір бала болған деген ақпарат бар. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, балалардың сотталған ата-анасымен бірге түрмеде тұруы Боливия үшін үйреншікті боп кеткен. Жергілікті полиция басшысы жанжал шыққан түрмеде жағдайды билік бақылауына алғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG