Accessibility links

Guardian Сноуденнен алғандарын New York Times-қа берді


Guardian басылымы. Көрнекі сурет.

Guardian басылымы. Көрнекі сурет.

Лондонның The Guardian («Гардиан») басылымы АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эджвард Сноуденнен алған құжаттардың бір бөлігін New York Times («Нью-Йорк таймс») газетіне берді.

Guardian редакциясы бұл әрекетін АҚШ конституциясының бірінші түзетуі сол елде журналистерге сөз бостандығына кепілдік беріп, биліктен қорғай алады деп түсіндірген. Редакция New York Times газетімен серіктесу арқылы Ұлыбританияның үкіметтік байланыс орталығының қызметі туралы мақалалар жариялауды жалғастыруға мүмкіндік пайда болар деп үміттенеді. Бұл орталық АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік агенттігі сияқты қызмет атқарады.

Бұдан бірнеше күн бұрын Ұлыбритания билігі Guardian басылымынан Эдвард Сноуденнен алған материалдарды жоюды талап еткен еді. Бұдан соң үкіметтік байланыс орталығының қызметкерлері редакцияға келіп, аталған материалдар болған компьютерлерді жойды. Бұған жауап ретінде Guardian басшылығы америкалық арнайы қызмет туралы құжаттар жариялауды жалғастыратынын, бірақ оны шетелден жүзеге асыратынын мәлімдеген.

Эдуард Сноуден АҚШ арнайы қызметінің азаматтардың интернеттегі жазбалары мен телефон байланыстарына тыңшылық жасайтын құпия бағдарламасы барын әшкере қылған еді. Бұдан соң оны АҚШ сотқа беріп, Сноуденге қарсы іс қозғалды.

Қазір Эдуард Сноуден Ресейде тұрып жатыр. Ресей оған бір жылға уақытша баспана берген.
XS
SM
MD
LG