Accessibility links

Қарзай: Ауғанстан АҚШ-пен келісімге қол қоюға асықпайды


Ауғанстан президенті Хамид Қарзай баспасөз мәслихатында сөйлеп тұр. Кабул, 24 тамыз 2013 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Қарзай баспасөз мәслихатында сөйлеп тұр. Кабул, 24 тамыз 2013 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Қарзай бүгін ел астанасында сөйлеген сөзінде, америкалық әскерилердің 2014 жылдан кейін Ауғанстанда қалуына қатысты Вашингтонмен келісімге қол қоюға Кабулдың асықпайтынын мәлімдеді.

Қарзайдың айтуынша, егер өзі мемлекет басшысы болып тұрған кезде осы келісімге қол қойылмаса, ондай құжатқа қол қою немесе қоймау туралы шешімді елдің келесі президенті қабылдайтын болады.

Өткен айда АҚШ штаб басшыларының біріккен комитетінің төрағасы генерал Мартин Демпси АҚШ пен Ауғанстан арасындағы аталған келісімге биыл қазан айына дейін қол қойылып қалар деген үміт білдірген еді. Қазанда Хамид Қарзайдың президенттік өкілеттілігі аяқталады. Генерал Демпси егер келісімге қол қойылмаса, АҚШ әскері ауған сарбаздарын жаттықтыратын кеңесшілер мен инструкторлар қалдырмастан түгелдей бұл елден кетуге мәжбүр болатынын ескерткен.

Биыл жазда Қатарда "Талибан" өкілдігінің ашылуына АҚШ пен Пәкістанның қолдау білдіргеніне наразы болған президент Хамид Қарзай 2014 жылдан кейін Ауғанстанда қалатын АҚШ әскері туралы Вашингтонмен келіссөздерді биыл маусым айында тоқтатқан еді.
XS
SM
MD
LG