Accessibility links

Триполидегі жарылыстардан 42 адам мерт болды


Ливан армиясының сарбаздары жарылыс болған мешіт жанында тұр. Триполи, 23 тамыз 2013 жыл.

Ливан армиясының сарбаздары жарылыс болған мешіт жанында тұр. Триполи, 23 тамыз 2013 жыл.

Ливанның Триполи қаласында жұма күні сүнниттердің екі мешітінің қасында болған жарылыстар салдарынан 42 адам қаза тапқан. Қызыл крест ұйымының мәліметтері бойынша, 500-ден аса адам жараланған. Олардың көпшілігінің ауыр халде жатқаны айтылады.

Полиция шабуылды жасағандар мина орнатылған екі автокөлікті жарған деп хабарлады.

Әзірге бұл шабуылдарды ешкім өз мойнына алған жоқ. Ливанда 1975-1990 жылдар аралығында өткен азаматтық соғыс кезеңінен бері мұншама көп адамды құрбан еткен шабуыл болған емес.

Ливанда орналасқан шиитік «Хезболла» радикалды тобының қарулы мүшелері Сирияға өтіп, Башар Асадтың режиміне болысып оппозицияға қарсы ұрыстарға қатыса бастағалы бері Ливанда Асадтың қарсыластары - сүнниттер мен Асадты қолдайтын алауиттер арасында қақтығыстар жиілеп кетті.

Бұған дейін, 16 тамызда Ливанның астанасы Бейрут қаласының оңтүстігінде, «Хезболла» нысандары орналасқан ауданда болған жарылыс салдарынан 22 адам өлген еді.
XS
SM
MD
LG