Accessibility links

Янукович: Украина Еуропа Одағын жақын тұтады


Украина президенті Виктор Янукович. Киев, 15 мамыр 2013 жыл.

Украина президенті Виктор Янукович. Киев, 15 мамыр 2013 жыл.

Еуропа Одағымен (ЕО) қауымдасу Украинаның қазіргі заманғы еуропалық мемлекет болып қалыптасуына ықпал етеді деп мәлімдеді бүгін Украина президенті Виктор Янукович елдің тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында. Сонымен бірге ол Ресей және өзге елдермен байланысты тереңдетіп, дамыту қажеттігін атап өткен.

Еуропаға кірігуге стратегиялық бағыт ұстанатынын мәлімдеген Украина биыл қарашада Вильнюсте өтетін «Шығыс серіктестігіне» мүше елдердің саммитінде Еуропа Одағымен еркін сауда жасасу туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Келісімге қол қойылған жағдайда ЕО тауарларына Украина нарығына жол ашылады.

Бұған дейін Украинаға Ресей, Беларусь және Қазақстанмен бірге Кедендік одаққа мүше болу туралы ұсыныс айтылған. Бірақ Киев ол ұсынысқа ыңғай таныта қойған жоқ.

Осы аптада Ресей президенті Владимир Путин «егер Украина Еуропа Одағымен еркін сауда жасау келісіміне қол қоятын болса, онда Кеден одағына кіретін үш мемлекет – Ресей, Беларусь және Қазақстан – «қорғаныс шараларын» қабылдауы мүмкін» деп ескерткен еді.
XS
SM
MD
LG