Accessibility links

Жасөспірімдер Азиадасында Қазақстан 13 медаль иеленді


Қытайдың Нанкин қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Азия ойындарының белгісі.
Қытайдың Нанкин қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Азия ойындарының белгісі.
Қытайдың Нанкин қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы 2-жазғы Азия ойындарында Қазақстандық спортшылар 1 алтын, 4 күміс, 8 қола медаль иеленді.

17 жасқа дейінгі спортшылар қатысқан құрлық жарысында стенд атудан қазақстандық Александр Мухамедиев жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Жеңіл атлеттер Иван Соловьев үш қарғып секіруде, 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Анастасия Сергеева күміс медаль иеленді. Таэвкондодан финалға дейін жеткен Фариза Алдонғарова екінші орын алды.

Гандболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы тек Оңтүстік Кореяға ұтылып, күміс жүлдегер атанды.

Анатолий Дураченко (дзюдо), Жанар Кашина (дзюдо), Давид Пошивалов (стенд ату), Екатерина Стеляренко (ауыр атлетика), Екатерина Димченко (жүзу), Ерасыл Қайырбек (таэквондо), Әсия Дайыр (теннис), Дмитрий Попко (теннис) қола медальға ие болды.

Қазақстан 13 медальмен жалпы есепте 13-орынды иеленді. Бұның алдында 2009 жылы Сингапурде өткен жасөспірімдер арасындағы 1-жазғы Азия ойындарында Қазақстан 4 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль иеленіп, жалпы есепте сегізінші орын алған еді.

Келесі жасөспірімдер Азиадасы 2017 жылы Шри Ланканың Намбантота қаласында өтеді.
XS
SM
MD
LG