Accessibility links

Қазақстанда жол апаттарынан 16 адам қаза тапты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Жамбыл облысының Қордай кенті маңында, Алматы-Ташкент тарссасындағы жол апатынан 10 адам опат болды. Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Жол-көлік апаты 25 тамыз күні таңға жуық болған. Екі жеңіл көлік соқтығысып, жолаушылардың барлығы қаза тапқан.

25 тамызға ауған түні тағы бір жол көлік апаты болып, алты адам қайтыс болды.

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында УАЗ және ВАЗ маркалы көліктер соқтығысып, алты адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, жыл сайын әлемде жол апатынан миллионға жуық адам қаза табады. Қазақстан жолдарында жылына үш мыңнан астам адам опат болады.
XS
SM
MD
LG