Accessibility links

Мандела әл үстінде жатыр


Оңтүстік Африка Респуликасының бұрынғы президенті Нельсон Манделаның маңдайынан әйелі ұстап тұр. Претория, 9 мамыр 2009 жыл.

Оңтүстік Африка Респуликасының бұрынғы президенті Нельсон Манделаның маңдайынан әйелі ұстап тұр. Претория, 9 мамыр 2009 жыл.

Ауруханаға маусым айында түскен Оңтүстік Африка Респуликасының бұрынғы президенті Нельсон Мандела нашар жатыр.

Бұл туралы 24 тамызда осы елдің мемлекет басшысы Джейкоб Зуманың кеңсесі хабарлады. Ақпаратта "Манделаның дәрінің күшімен жатқаны, алайда кейде оның жағдайының күрт нашарлап кететіні" айтылған.

Нобель сыйлығының лауреаты, 95 жастағы Нельсон Мандела апартеидпен (нәсілдік кемсіту) күрестің символы саналады. Ол Претория қаласындағы ауруханаға "өкпесіне инфекция түскен" деген диагнозбен 8 маусымда жатқызылған еді. Сенбі күні ел президенті Зума азаматтарды Манделаның амандығы үшін мінатаж етуге шақырды.
XS
SM
MD
LG