Accessibility links

Колумбияда содырлар шабуылынан 13 солдат қаза тапты


Колумбия армиясының солдаттары. Богота, 3 сәуір 2013 жыл.
Колумбия армиясының солдаттары. Богота, 3 сәуір 2013 жыл.
Колумбияда содырлар қоршауында қалған 13 солдат қаза тапты. Сенбі күні хабарланған бұл оқиға Араука ауданында болған.

Көтерілісшілердің ФАРК ұйымы мен үкімет арасындағы бейбіт келіссөздер дүйсенбі күні басталған еді. Алайда 23 тамыз, жұма күні ФАРК басшылығы келіссөздерді тоқтататынын мәлімдеді. Ақпараттар бойынша, көтерілісшілер мен үкімет кейбір мәселелер бойынша келісе алмаған.

Колумбия билігі ФАРК жасақтарымен өткен жылы қараша айында байланыс орнатқан. Тараптар көп жылға созылған қақтығысты тоқтатуға әзір екендерін мәлімдеген. Кейбір мәліметтер бойынша, жарты ғасырға созылған қақтығыс құрбандарының саны 200 мың адамнан асады.
XS
SM
MD
LG