Accessibility links

Ресейдің Қиыр Шығысында эвакуация жалғасып жатыр


Ресейдің Қиыр Шығысында су басып қалған Владимирское елді мекені. Амур облысы, 21 тамыз 2013 жыл.

Ресейдің Қиыр Шығысында су басып қалған Владимирское елді мекені. Амур облысы, 21 тамыз 2013 жыл.

Ресейдің Қиыр Шығысындағы әскери бөлімдер мен өрт сөндіруші жасақтар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруді жалғастырып жатыр. Амур өзені бойындағы елді мекендердің су астында қалғанына екі апта болды.

Әскери қызметкерлер елді қайықтар мен ұшақтар арқылы көшіріп жатыр. Амур өзені жағасындағы Еврей автономиялық ауданынан 550 адам қауіпсіз жерге апарылған.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, нөсер жаңбырдан тасып жатқан Амурдың суы 8 метр көтерілген.

Құтқарушы жасақтар өзенге таяу жатқан елді мекендерде бөгеттер тұрғызып жатыр. Олардың жалпы ұзындығы мың метрге жеткен, қазірге дейін жеті мың қап құм төселген.

Бұл апаттан 50 мыңдай адам зардап шекті. Мамандардың айтуынша, Ресейде мұндай тасқын 120 жылдан бері болмаған.
XS
SM
MD
LG