Accessibility links

1968 жылғы қарсылықты еске алғандарды сотқа тартпақ


Мәскеуде жексенбіде Қызыл алаңда 1968 жылы совет әскерінің Чеховловакияға басып кірген күніне орай акция өткізгені үшін ұсталған он адам босатылды.

Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша, 25 тамызда бір топ белсенді осыдан 45 жыл бұрынғы советтік диссиденттік қозғалыстың сегіз өкілінің СССР әскерінің Чехословакияға басып кіргеніне наразылық танытқанын қайталап, акция өткізген. Белсенділер алаңға "Сіздердің және біздің бостандығымыз үшін!" деген ұран жазылған плакаттар ұстап шыққан. 1968 жылы да совет басқыншылығына қарсылар дәл осындай ұран ұстап шыққан еді.

Акцияға шыққандардың арасында 1968 жылы қарсылық шерулеріне қатысушылардың бірі, құқық қорғаушы Наталья Горбаневская да болды. Бірақ полиция оны ұстамады.

Ұсталғандардың үстінен әкімшілік заңнамаларды бұзғандары туралы хаттама толтырылып, 29 тамызда сот өтетін болды.

Петербургте де жексенбіде азаматтық және саяси белсенділер 1968 жылғы совет басқыншылығына қарсы шыққандарды еске алу акцияларын өткізді. Бірақ бұл қалада полиция ешкімді ұстаған жоқ.
XS
SM
MD
LG