Accessibility links

БҰҰ Сирияда химиялық қару қолданылғанын тексермек


Сирия оппозициясы жариялаған суретте жерде жатқандар - белгісіз улы заттан қаза болғандар деп көрсетілген. Дамаск, Сирия, 21 тамыз 2013 жыл.

Сирия оппозициясы жариялаған суретте жерде жатқандар - белгісіз улы заттан қаза болғандар деп көрсетілген. Дамаск, Сирия, 21 тамыз 2013 жыл.

БҰҰ сарапшылары дүйсенбіде Сирияға Дамаск маңындағы "химиялық қару қолданылған болуы мүмкін" деген аймақты тексереді.

Сирия үкіметі жексенбіде БҰҰ сарапшыларына тексеру жүргізуге рұқсат берген еді. Бірақ Ақ үй өкілі "тексеруге тым кеш рұқсат еткенін" айтып, АҚШ химиялық қаруды Башар Асад үкіметінің өзі қолданғанына "аса күмәнданбайтынын" мәлімдеді.

АҚШ президенті Барак Обама осыдан бір жыл бұрын "Сирияда химиялық қару қолданылуы әбден мүмкін" екенін және "оның салдары ауыр болатынын" ескерткен.

Үкіметке қарсы белсенділер мен "Шекарасыз дәрігерлер" халықаралық медициналық гуманитарлық ұйымы өткен аптаның сәрсенбісінде үкімет күштері улы газы бар қару қолданып, 300-ден астам адам қаза тапқанын хабарлаған еді. Сирия үкіметі бұл айыптауларды негізсіз деп санайды.
XS
SM
MD
LG