Accessibility links

Қытай: экономикалық ахуал тұрақтанды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет
Қытай үкіметі ел экономикасы ұзақ мерзімдік дағдарыстан біртіндеп оңала бастағанын хабарлады.

Қытай статистика қызметінің өкілі Чэнь Лайюньнің айтуынша, үкімет биыл межелеген 7.5 пайыздық экономикалық өсімге қол жеткізе алады. Статистика қызметінің өкілі экономилық дамуға қатысты нақты деректер келтірген жоқ. Бірақ ол шілде айында өнеркәсіп өндірісінің біршама артқанын, басқа да экономикалық көрсеткіштердің біршама жақсарғанын мысалға келтірді.

Қытай экономикасының өсімі бірнеше ай бойы үздіксіз төмендеп, соңғы үш айда 7,5 пайызға дейін түсіп кеткен еді.

Қытай - әлемде экономикалық қуаты жағынан АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұрған ел.
XS
SM
MD
LG