Accessibility links

Ресей Сирияға бола АҚШ-қа ескерту жасады


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вашингтон, 9 тамыз 2013 жыл
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вашингтон, 9 тамыз 2013 жыл
Ресей АҚШ-қа "Сирия президенті Башар Асад режиміне қарсы "қандай да бір әскери килігуінің салдары өте ауыр болатынын" ескертті.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен телефон арқылы сөйлескенде "Мәскеу АҚШ ресми өкілдерінің Сириядағы жағдайға араласуға дайын екендігі туралы мәлімдемелеріне алаңдайтынын" айтты.

Дамаск маңында ел президенті Башар Асадтың үкіметтік күштері химиялық қару қолданды деген хабарлардан кейін АҚШ ресми өкілдері Сириядағы дағдарысқа әскери тұрғыдан араласу туралы айта бастаған.

Сириялық белсенділер мен "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымы өткен аптада улы газдан 300-ден астам адам көз жұмғанын хабарлаған еді.

Дүйсенбіде БҰҰ сарапшылары химиялық қару қолданылғанын тексеруге Сирияға баруы тиіс. Бірақ Ақ үй химиялық қаруды Башар Асад режимінің өзі қолданды дегенге күмәнданбайтынын мәлімдеген. Башар Асад үкіметі айыптауларды теріске шығарады.
XS
SM
MD
LG