Accessibility links

Ыстықкөл тұрғыны обадан қайтыс болды


Қырғызстанның картасы. Көрнекі сурет
Қырғызстанның картасы. Көрнекі сурет
Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі Ыстықкөл облысында оба індетін жұқтырған 15 жастағы жасөспірімнің қайтыс болғанын хабарлады.

Жасөспірім 22 тамызда ауруханаға дене қызуы көтеріліп, шап безі шошынғанын айтып шағымданып барған. Ауруханаға жатқызылған соң бірнеше сағаттан кейін қайтыс болған оның оба жұқтырғаны дүйсенбіде расталды.

Алдын-ала деректерге қарағанда, науқас індетті таулы жерде тамаққа суыр етін пайдаланғанда жұқтырған.

Ыстықкөл облысына эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін бірнеше дәрігер жіберілген. Қайтыс болған жасөспіріммен араласқан 100-ден астам адам анықталып, тексеріліп жатыр. Үкімет індет тарауы мүмкін деген қауіппен облыстың Ақсу ауданының тұрғындарына егу жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді.
XS
SM
MD
LG