Accessibility links

Ресей: Украина ЕО мен Кеден Одағының біреуін таңдасын


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев (сол жақта) пен Украина премьер-министрі Николай Азаров. Мәскеу, 26 тамыз 2013 жыл

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев (сол жақта) пен Украина премьер-министрі Николай Азаров. Мәскеу, 26 тамыз 2013 жыл

Ресей премьер-министрінің орынбасары Игорь Шувалов "Украина Еуропа Одағы (ЕО) мен Кеден Одағына бірдей мүше бола алмайды" деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Мәскеуде Ресей мен Украина премьер-министрлері Дмитрий Медведев пен Николай Азаровтың кездесуінен соң айтты.

Медведев Азаровты Киев ЕО-мен еркін сауда келісіміне қол қойған жағдайда туындайтын "құқықтық, экономикалық салдарларды" талқылауға шақырған еді.

Мәскеу Киевті ЕО-мен еркін сауда келісіміне қол қоюдан бас тартып, Ресей, Беларусь және Қазақстан құрған Кеден Одағына кіруге көндіргісі келеді.

Осы айда Ресей кеденшілері бірнеше күн бойына Украинадан импортталатын тауарларға қатаң тексерулер жүргізген еді. Киев мұны "Мәскеудің Украинаны Кеден Одағына кіруге көндірмек болған әрекеті" деп бағалады.

Украина алдағы қарашада Вильнюсте өтетін саммитте ЕО-мен еркін сауда келісіміне қол қоймақ. Келісімге қол қою бұған дейін бірнеше рет кейінге шегеріліп келген еді.
XS
SM
MD
LG