Accessibility links

Колумбиядағы қарсылық


Колумбияда мыңдаған фермер қарсылық шеруіне қайта шықты. Олар «үкімет саясаты бізді шығынға батырды» дейді. Фермерлер өздері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін жойып, көшеге сүт төгіп жатыр. Қазір елде базар сөрелері бос қалған - көкөніс пен жеміс, ауыл шаруашылығы өнімдері тапшы. Фермерлер өнімдерін сатқаннан пайда түспейтінін айтады. Шерушілерді қала тұрғындары да қолдап, Тунха қаласында «кастрюль шеруі» өтті. Колумбиядағы қарсылық өткен аптада басталған. Содан бері шеруге қосылған адамдар көбейіп келеді. Кейбір қалаларда полиция наразыларды тарату үшін көз ашытатын газ бен су шашқан.

XS
SM
MD
LG