Accessibility links

Ресей Абхазия мен Оңтүстік Осетияны қолдай бермек


Абхазия картасы. (Көрнекі сурет)

Абхазия картасы. (Көрнекі сурет)

Грузияның сепаратистік аймақтары Оңтүстік Осетия мен Абхазия өздерінің тәуелсіздіктерін Ресейдің танығанына бес жыл толғанын атап өтті.

Абхазия астанасы Сухумиде дүйсенбіде тұрғындар 1992-1993 жылдардағы абхаз-грузин соғысында мерт болғандарға арналған ескерткішке гүл қойып, ресейлік әншілердің концерті өтті.

Кремльдің баспасөз қызметі дүйсенбіде "Ресей президенті Владимир Путин Оңтүстік Осетия мен Абхазия басшыларына хат жолдағанын" хабарлады. Онда "Мәскеудің бұл екі аймаққа көмек пен қолдау көрсете беретіні" айтылған.

Ресей Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін 2008 жылы тамызда, Ресей әскері бұл аймақтардан грузин әскерін бес күндік соғыста ығыстырып шығарған соң таныған. Содан бері Ресей бұл аймақтарда әскер ұстайды.

Грузия Оңтүстік Осетия мен Абхазияны өз территориясы деп біледі.
XS
SM
MD
LG